KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 2 м/с, В
485.04 525.98 5.04

Өскеменнің жылыту маусымына дайындығы тексеріліп жатыр

Фото: ШҚО энергетика басқармасы

21.08.2024, 17:29 85 Ержан Әбіш

Президент әкімшілігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, Өскемен қаласының алдағы жылыту маусымына дайындығын тексеріп жатыр. Атап айтсақ, №2 қазандыққа тексеру жүргізілді, жылу желілерін жөндеу жұмыстары бағаланды және көмір өткізу орындары тексерілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының ақпаратынша, 16 тамыздағы жағдай бойынша №2 қазандықтағы №3 қазанның жабдықтарын жөндеу 70%-ға, ал №4 қазанның жабдықтарын жөндеу 80%-ға, №2 қазанның жабдықтарын жөндеу 90%-ға орындалды. Сорғыны айдау құбырларын құрастыру жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ комиссия өкілдері Пограничная көшесіндегі жылу желілерін жаңарту жобасының іске асуын тексерді. Ондағы жұмыстардың 75%-ы орындалған.

Тексеру аясында делегаттар көмір жеткізу дайындығын бағалау үшін Базовая көшесі, 5 мекенжайында орналасқан «Топливная компания терминал» ЖШС-нің теміржол тұйығында да болды.

Жалпы, тексеру Өскеменде жылыту маусымына дайындық жоспарға сай жүріп жатқанын және барлық жұмыстар кестеге сәйкес орындалатынын көрсетті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив