Шәкәрім даңғылында жаңа сквер ашылды – Өскемен
Өскемен жұртшылығы қала күнін тойлауды бастап кетті. Шығыстың бас шаһарының мерекесін кең көлемде, бірнеше күн қатарынан тойлау соңғы жылдары дәстүрге айналып кеткен.
Қала тұрғындары асыға күтетін мереке қарсаңында түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар өтіп, заманауи үлгіде абаттанған аулалар мен демалыс орындары ашылады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Бүгін Шәкәрім даңғылының бойында жаңа сквер ашылды. Жаз бойы мұнда қызу жұмыс жүргізіліп, жаңа бордюрлер төселіп, ғимараттардың қасбеті жаңартылған.
Айта кету керек, жылдар бойы Ворошилов атанып келген даңғылға 2019 жылы Шәкәрім есімі берілді.
Айта кету керек, аталмыш көшенің абаттандырылуын, жаңа демалыс орынының ашылуын тұрғындар да көптен күткені рас. Себебі бұл жерде абаттандыру жұмыстары ұзақ жылдар бойы жүргізілмепті.
Фото: Нелли Петенева