KZ
Өскемен
+27°
ясно жел 1 м/с, С
475.7 529.12 5.18

Өскеменде өзгеріс көп

15.07.2024, 21:24 134 Серік Әбілхан

Облыс орталығындағы жүргізіліп жатқан ауқымды абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Көп ұзамай қала тұрғындары жаңарып, заманауи үлгіде абаттанған аулалар мен қоғамдық орындарға лайықты бағасын беретін болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемендегі 21-ші шағын ауданда осы аптаның соңында шағын футбол алаңының құрылысы аяқталады. Бүгінде алаңның жасанды көгалын төсеу ғана қалды. Бұл спорт нысаны енді белсенді демалысты қалайтын шағын аудан тұрғындарының сүйікті орнына айналмақ.  

Шәкәрім даңғылының бойында да жұмыс қызу жүріп жатыр. Жаңа бордюрлер төселіп, ғимараттардың қасбеті жаңартылуда. Сонымен қатар скверді абаттандыру жұмысы аяқталуға жақын. Бұл өзгерістердің нәтижесінде даңғылдың бойында орналасқан ғимараттардың сыртқы келбеті жаңарып, ажарнала түспек. Адамдардың жүріп-тұруына да ыңғайлы болады

- Шәкәрімнің бойындағы мына бір бұрылыста қалың ағаш өсіп кеткен. Ал мына бір жерде қоқыс алаңы болатын. Абаттандыру мүлдем жүргізілмеген. Қазір осының бәрі ретке келтіріліп, жаңарып жатыр. Ғимараттардың қасбеті боялып, бордюрлер төселуде, бәрін көріп отырмыз, – дейді қала тұрғыны Юрий Аксенов.

Бұдан бөлек «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Шәкәрім даңғылы 143, 143/1, 145, 145/1, 147, 147/1 мекен жайындағы аулаішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізіліп, кеңейтіледі. Таяуда мұнда аумақты кешенді абаттандыру қолға алынып, кіші сәулет мүсіндері көз қуантатын болады. Балалардың ойын алаңқайы мен спорт алаңы да даңғыл бойындағы аулалардың сәнін кіргізіп, тұрғындар үшін жайлы орынға айналмақ.

– Ауламыз кең, мұнда қарт адамдар отыратын орындықтар қоюға болады. Көлік қоятын тұраққа да орын табылады. Ал балалар мен жасөспірімдер спорт алаңында шынығады. Жолды жөндеп болған соң мердігер ұйым өкілдері осындағы тұрғындарды жинап, бізбен ақылдаса отырып қай нысан қай жерде орналасатынын шешетін болады, – дейді «Титан» ПИК-тің төрағасы Тамара Быкова.  

Жергілікті жұрт абаттандыру жұмыстарының тезірек аяқталуын тағатсыздана күтіп жүр. Әлбетте, бұл өзгерістер Өскеменге өң беріп, көркіне көрік қосатынын жақсы түседі олар.

Фото: Маргарита Малышева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив