Өскемен: 200-ден астам тұрғын дәрігерлерден тегін кеңес алды
Облыс орталығында ақ халаттылардың қатысуымен «Денсаулық алаңы» акциясы өтті.
Өскемен қаласының №1 емханасының, ана мен бала орталығының, отбасылық амбулатор мамандары қала тұрғындарын Fresh Market сауда орталығында, Император және ДосНар сауда үйлерінде қабылдап, қан қысымын, бойын, салмағын, қандағы қант пен холестерин деңгейін өлшеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Үш күнге созылған акцияға барлығы 200-ден астам тұрғын қатысқан.
Сондай-ақ акиця барысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының қызметкерлері қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді, сақтандыру мәртебесін қалай алуға болатынын, медициналық сақтандырудың қандай артықшылықтары бар екенін түсіндіріп, МӘМС жүйесі туралы ақпараттық жадынамалар таратты.