Өскеменде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Биыл Шығыстың бас шаһарында жол жөндеу жұмыстары қарқын алған. Қазіргі уақытта 6 учаскенің жол жөнделіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өңірде жарияланған Жол жылы аясында атқарылған жұмыстар көлемі екі есеге артқанын айтады.
- Биыл 38 көшенің жолын жөндеу жоспарланған. Қазір 32 көшеде жұмыстар аяқталды, қалған 6 учаскеде әлі де жалғасып жатыр. 10 күн ішінде барлық жұмыстарды толықтай аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді қала әкімі.
Айта кету керек, биыл ұзақ жылдар бойы көңіл бөлінбеген шеткі аймақтардың да жолына асфальт төселген. Қала билігі мұндай ауқымды жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартатынын айтады.
Оқи отырыңыз