KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Өскеменде «Ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды

11.09.2024, 17:53 116

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөнінде 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Бүгін аталмыш бағдарлама аясында Өскемен қаласындағы орталық бассейн ғимаратынан «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды.

Жаңа орталықта зейнеткерлер мен спорт ардагерлері гимнастикамен айналысып, бос уақыттарын тиімді және пайдалы өткізе алады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

- Зейнеткерлер бұл орталыққа аптасына 3 рет келіп, тегін сауықтыру гимнастикасымен айналыса алады. Ол үшін арнайы жаттықтырушылар бөлінген. Бүгін алғашқы жаттығу басталады. Бірінші күннен бастап келушілер саны көп, - дейді "ШҚО су спорты түрлері бойынша ШҚО БЖСММ" КММ директоры Олжас Ғазизұлы.

Нұрсағила Шамшиева – жаңа орталыққа келушілердің бірі. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеген зейнеткер қазіргі уақытта спортпен айналысып, денсаулығын күтуді қолға алған.

- Өзім ұзақ жылдар еңбек етіп, бүгінде зейнетін көріп отырмын. Зейнеткер болсам да үйде отырмай, жүру марафонымен, жүзумен шұғылданамын. Осындай орталыққа келіп, замандастарымызбен уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік беріліп жатқанына дән ризамыз. Адамның өмірінің ұзақтығы, денінің саулығы салауатты өмір салтын ұстануына, спортпен шұғылдануына тікелей байланысты. Зейнеткерлерге мемлекет тарапынан осылай көңіл бөлініп жатқаны бізді қуантады, - дейді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив