Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Күршімде де ашылды
Фото: vk.com
Күршім ауданында да белсенді ұзақ өмір сүру орталығы өз жұмысын бастады.
Белсенді ұзақ өмір орталығы – ересек адамдар емдік дене шынықтырумен айналысып, сурет салу, ән айту, қолөнер бұйымдарын тігу, тоқымен тоқуға, бір-бірімен пікір алмасуға, бос уақыттарын өткізуге арналған мекеме, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың тапсырмасымен Күршім ауданында ұзақ өмір сүру орталығы ашылды.
- Мұнда аптасына 2 рет ауыл тұрғындары, зейнеткерлер келіп, салауатты өмір салтын ұстанып, дойбы, үстел теннисімен және бильярдпен айналыса алады. Сондай-ақ сурет салу, ән айту, қолөнер бұйымдарын жасауға да мүмкіндік бар. Бос уақыттарын өтізіп, бір-бірімен пікір алмасады, - дейді аудан әкімдігі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Үлкен Нарында ұзақ өмір сүру орталығы ашылғанын жазған болатынбыз.
Оқи отырыңыз