Елімізде халқы азайған ауылдар қалыпқа келтірілуі мүмкін
Фото: egemen.kz
Енді тұрғындары азайған ауылдар қайтадан қалыпқа келтірілуі мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
Министр тірек елді мекен санатына жатпайтын ауылдарда 700 мыңға жуық адам тұратынын жеткізді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– Ауыл халқының 10 пайызынан аз бөлігі тұратын 2,8 мың ауыл спутниктік немесе тірек елді мекен санатына жатпайды. Бұл ауылдарда 700 мыңға жуық адам тұрып жатыр, – деді Әлібек Қуантыров.
Министрдің мәліметінше, тұрғындар саны айтарлықтай азайған ауылдардағы ахуал қиындау.
– Ал кейбір ауылдарды қалпына келтіріп, қолдау жасалады. Бұл тұрғыда осы ауылдардың болашағы өңірлерде жүргізілген саясатқа қатысты болады, – дейді министр.
Оқи отырыңыз