KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Германия компаниялары Қазақстан экономикасына 6 млрд доллар инвестиция құйды

Фото: akorda.kz

21.06.2023, 09:39 303

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан – Германия бизнес-форумына қатысты.

Мемлекет басшысы Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен бірге Қазақстан - Германия бизнес форумына қаысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Президент форумда сөйлеген сөзінде мемлекеттік сапары аясында жетекші неміс компанияларының басшыларын ала келген Франк-Вальтер Штайнмайерге алғыс айтып, Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы ең басты экономикалық серіктесі екенін атап өтті.

– Бүгінде Германия компаниялары біздің экономикамызға шамамен 6 миллиард доллар инвестиция құйды. Бұл инвестицияның шамамен 90 пайызы шикізаттық емес секторға тиесілі екенін айта кеткен жөн. Елімізде неміс капиталының үлесі бар мыңнан астам компания белсенді жұмыс істеп жатыр. Олардың көпшілігі – әлемге әйгілі брендтер, ал басқалары – орта деңгейдегі отбасылық бизнес. Неміс компанияларының барлығын Қазақстанға шақырамыз. Батылдылыққа, нақтылыққа және жауапкершілікке негізделген неміс бизнесінің тәсілін бағалаймыз. Бұл қасиеттер бизнестегі табыс үшін өте маңызды, – деді Президент.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу