ШҚТУ-да Қазақ-неміс ғылым және технологиялар институты ашылмақ
Фото: akorda.kz
Қазақстан – Германия бизнес форумында Президент жаңартылатын энергия көздерін ынтымақтастығымыз үшін келешегі мол сектордың бірі ретінде атады.
Президент Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жанынан Қазақ-неміс ғылым және технологиялар институтын ашудың маңызын да баса айтты, деп хабарлайды Altaynews akorda.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан жасыл сутегі өндіретін әлемдегі жетекші ел атануы үшін алғышарттардың бәрі бар. Бұл ретте Президент SVEVIND Group компаниясымен құны 50 миллиард доллар болатын жасыл сутегі өндіру туралы келісімге қол қойылғанын атап өтіп, жасыл сутегі өндірісі экологиялық таза болат, алюминий және басқа да металдар өндірісіне жол ашатынына назар аударды.