Отандық порттардың өткізу мүмкіндігін арттыру көзделген
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан – Германия бизнес форумына қатысып, Штайнмайер мырзамен кездесу барысында табиғи ресурстарды бірлесіп барлау және игеру ісіндегі ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласқанын айтып, бұл шикізат, өнеркәсіп және технология салаларындағы серіктестік туралы үкіметаралық келісімге тың серпін беретініне сенім білдірді.
Президент көлік және логистика салаларында өзара тиімді ынтымақтастық үшін мүмкіндік мол екеніне назар аударды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі akorda.kz сайтына сілтеме жасап.
– Қазақстан Еуразияның жүрегінде орналасқан. Мұның стратегиялық мәні зор. Қытай мен Еуропа арасындағы барлық құрлықтық жүк тасымалының 80 пайызы біздің еліміздің аумағы арқылы өтеді. Қазіргі жаңа геосаяси жағдайда «Орта дәліздің» маңызы арта түсті. Бұл – Орталық және Шығыс Азиядан Еуропаға жүк тасымалдаудың ең қысқа әрі тұрақты бағыты. 2022 жылдан бастап Каспий дәлізі арқылы Еуропалық Одаққа мүше елдерге тасымалданатын жүк көлемі екі есе артты. Шығыс пен Батыс арасындағы ұлғайып келе жатқан сауда көлеміне қолдау көрсету үшін біз инфрақұрылымды жаңарту және кедергілерді жою жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біз қазақстандық порттардың өткізу мүмкіндігін 30 миллион тоннаға дейін арттыруды көздеп отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.
Оқи отырыңыз
Қазақстан және Германия Президенттері қандай тақырыпта келіссөз жүргізді?ЕҚЫҰ рөлі туралы пікірлер қайшылығы алаңдатады – ТоқаевГермания компаниялары Қазақстан экономикасына 6 млрд доллар инвестиция құйдыШҚТУ-да Қазақ-неміс ғылым және технологиялар институты ашылмақҚасым-Жомарт Тоқаев пен Майкл Помпео телефон арқылы сөйлесті