KZ
Өскемен
+1°
снег жел 5 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Қарасораны медициналық мақсатта қолдану ұсынылды

Фото: pexels.com

22.06.2023, 15:32 195

Сенатор Бекболат Орынбеков өзінің депутаттық сауалында еліміздің оңтүстік өңірлерінде есірткі затының кеңінен таралу мәселесін көтерген.

Депутат Шу алқабында 140 мың гектар жерде жабайы қарасора өсетіні туралы дерек келтірді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Депутат табыстың жоқтығынан жастар осы өсімдіктен өндірілетін есірткі заттарын тарататынын, сондай-ақ шетелден келетін синтетикалық есірткінің жылдам таралып жатқанын айтты.

– Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, есепте тұрған есірткіге тәуелді 18 136 адам бар. Ішкі істер органдары биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша 1 072 есірткі қылмысын анықтады. Оған қоса аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаудың 203 фактісі анықталды. Жалпы күш-жігермен есірткі қылмысының алдын алу мәселесі мүлдем басқа деңгейге көтеріліп, аймақтағы және жалпы республикадағы есірткі жағдайын түбегейлі түзетуге тиіс, – деді Бекболат Орынбеков.

Бекболат Орынбеков осы өсімдікті арнайы мақсатта пайдалану арқылы далада өсетін қарасора мәселесін шешуге болатыны туралы бірқатар ұсыныс айтты.

– Қолданыстағы тәжірибені ескере отырып, заңнаманы зерделеу, олқылықтарды анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстар енгізу керек. Өнеркәсіптік немесе медициналық мақсаттарда өсімдік шикізатын қайта өңдеу бойынша, оның ішінде «Тараз Химпаркі» арнайы экономикалық аймағында озық технологияны енгізу арқылы өндірістер кешенін жасау керек. «Қазақстан-Ғарыш сапары» технологиясын пайдалана отырып, оның шоғырлану ошақтарының картасын жасап, жабайы өсетін қарасораның өсу алаңын зерттеу керек, – деді сенатор.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив