KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Есірткі притоны әшкереленді Семейде

15.05.2014, 18:00 204



Жедел іздестіру шаралары барысында Семей қаласы ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері Рысқұлбеков көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде есірткі притонын әшкереледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үй иесі бұрын есірткімен байланысты қылмыс жасағаны үшін сотталған 43 жастағы ер азамат болып шықты. Полицейлер оның өз үйін үнемі нашақорларға есірткі заттарын дайындап, пайдалануға беріп отыратындығын анықтады.

Полиция қызметкерлері оқиға орнынан заттай айғақтар ретінде құрамында апиыны бар есірткі заттарының қалдығы бар ыдыстар мен томпондарды алды.

Есірткі заттарын қолдануға арналған притонды ұйымдастырған бұл тұлға уақытша қамау изоляторына қамауға алынды.

12 мамырдан бастап ШҚО-да полицейлер «Допинг» жедел алдын алу шараларын өткізіп жатқанын ескертеміз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив