Бородулихада 1 гектар көлеміндегі есірткі шөбі жойылды
Переменовка ауылында 1 гектар аумақты алып жатқан қарасора жойылды. Бұл туралы Бородулиха аудан әкімдігінің сайтында жарияланды.
Рас, өсімдіктің бұл түрі есірткі шөптерінің қатарына кіреді. Қызығы сол, жабайы қарасора Переменовкадағы демалыс саябағының маңында өсіп тұрған екен.
Ол «Есірткіге жол жоқ» акциясының шеңберінде жойылып отыр. Барлығы 150-ден астам есірткі өсімдігі шабылған көрінеді. Ал оны жоюға әкімдік өкілдері, мәдениет орталығының мамандары, сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторы тартылыпты.
«Переменовка ауылдық округінің аумағында қарасораны жою бойынша жұмыстар жалғасатын болады», - делінген тараған ақпаратта.