KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 7 м/с, ОШ
529.99 546.63 5.21

Қарбыздың құрамындағы нитратты қалай анықтауға болады?

Фото: egemen.kz

6.07.2023, 10:23 664

Бақша дақылдары, әсіресе пестицидтермен өңделген болса, бойына нитраттарды жинауға бейім болады. Құрамында осы заттектер көп қарбызды жеген жағдайда оның белгілері 4-6 сағаттан кейін біліне бастайды.

Егер нитраттармен уланған кезде ешқандай шара қолданбаса, денсаулыққа айтарлықтай зиян келуі мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Нитратпен улануды жүрек айну, диарея, іштің ауыруы, дене қызуының көтерілуі, буындардың әлсіреуі және ауыруы сынды белгілерге қарап ажыратуға болады. Алғашқы белгілері білінісімен дәрігерге жүгіну қажет.

Дәрігерлер келгенге дейін науқас энтеросорбенттерді (мысалы, белсендірілген көмір) қабылдап, көп мөлшерде су ішуі керек. Сонымен қатар тыныштық сақтап, науқастың жағдайын бақылау керек.

Егер улану белгілері жүкті әйелдерде, қарттарда немесе 12 жасқа дейінгі балаларда байқалса, бірден жедел жәрдем шақыру керек.

Қарбыздан уланбау үшін не істеу керек?

Өзіңді және жақындарыңды қарбыздан уланудан қорғау үшін келесі шараларды істеу қажет:

– қолданар алдында қарбызды жақсылап жуу;

– суық суға жарты сағатқа салып қою;

– қарбыздың қабығының жанындағы мәйегін жеуге болмайды, өйткені онда нитраттар өте көп мөлшерде жиналады;

– сатып алып жатқан кезде кесу улану қаупін арттырады. Қарбыз жерде өседі, сатылатын жерге дұрыс тасымалданбайды. Дамушы микроағзалар кесілген жерге түседі. Сатушылар мен сатып алушылардың қолдарының жуылмауы улану қаупін арттырады.

– қарбыздың құрамында нитрат бар-жоғын тексеру керек. Ол үшін оны жеудің алдында мәйегінен кесіп алып, бір стақан суға салып қою керек. Егер су лайланудың орнына қызғылт түске айналса, оның құрамында нитраттардың көп екенін білдіреді.

– Жеміс сатып алғанда, қабығының бүтіндігіне назар аудару қажет.

Қарбызды қайдан және қашан сатып алмаған жөн?

Өзіңді ішек инфекцияларынан қорғау үшін қарапайым санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау керек:

– ашық базарлардан сатып алудың қажеті жоқ;

– бақша дақылдарын сату үшін бөлінген орын қоршалып, күн мен жаңбырдан сенімді қорғалуы тиіс. Сату нүктесі шатыр астында болуы керек, онда қарбыз бен қауын биіктігі кемінде 20 сантиметр болатын арнайы түпқоймаларда сақталуы керек.

– жол бойындағы орындардан жидек сатып алмаған жөн. Өйткені жиналғаннан кейін қарбыз “дем алуды” жалғастырады, сондықтан ол автомобиль шығаратын газдарда кездесетін ауыр металдарды бойына тез жинайды.

Қарбыздан уланудың белгілері қандай?

Қарбыздан уланудың әдеттегі тамақтан уланудан ерекшелігі аз. Егер улану химиялық заттардың болуына байланысты болып, өнім нитратты болып шықса, белгілер 2-3 сағаттан кейін біліне бастайды. Іш ауыруы жиілейді. Инфекция тез таралып, аз уақыттан кейін іш өтіп, адам құса бастайды. Науқастың жағдайы нашарлайды. Әлсіздік пайда болып, қалтырап, (әдетте балаларда) дене қызуы көтеріледі. Вирустық ішек инфекциясы кезінде белгілер 5-6 сағаттан кейін пайда болады. Жағдай нитраттармен уланғандағыдай қауіпті болмайды. Бұндай улану ересектерге қарағанда балаларда ауыр болады.  

Қалай уланудың алдын алуға болады?

Қарапайым тамақтан улану ықтималдығын болдырмау үшін кез келген жеміс-жидек сатып алған кезде мынадай негізгі ережелерді сақтау керек:

– қарбыз немесе қауын сатып алғанда, қабығының жарықсыз, сызатсыз және майыспай, бүтін болуына назар аудару керек. Жемістерді тасымалдау кезінде жиі лақтырады. Қабығының жарығы арқылы бактериялар ішіне кіріп кетуі мүмкін, ал майысқан жерлері көбінесе қарбыздың мәйегінің қышқылдануына әкеледі;

– кесілген жидектерді сатып алуға болмайды, қарбыздың сыртындағы шаң-тозаң пышақпен кескен кезде мәйегіне оңай түседі;

– сату орындарында жуылмаған жемістерді жемеңіз және жидектердің піскенін тексеру, дәмін татып көру үшін ешқашан кесіп алмаңыз. Өйткені көп жағдайда лас пышақ қолданылып, жидек мәйегіне ішек инфекцияларының қоздырғыштары түсіп, бактерия жұқтыруға әкелуі мүмкін;

– жемісті кеспес бұрын сыртындағы кірдің мәйекке түсіп кетпеуі үшін ағып тұрған сумен, щетканы пайдаланып жақсылап жуу керек;

– жидекті келесі күнге қалдырмай бірден жеп қойған жөн. ­Өйткені шырынды мәйегіндегі қанттың көп болуы оны бактериялар үшін құнарлы ортаға айналдырады. Егер қарбыз немесе қауын желінбей қалса, кесілген жерді тағамға арналған пленкамен жауып, тоңазытқышқа қойғанда шикі азық-түліктен (жұмыртқа және шикі еттен) бөлек орналастыру керек;

– жемістің мәйегін қабығына дейін жемеген дұрыс. Қарбыздағы нитраттар біркелкі бөлінбейді, олар қабығы мен жеміс сабағына көбірек жақын болады. Сондықтан балаларға жемістің ортасындағы мәйегін берген дұрыс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу