KZ
Өскемен
+1°
интенсивная ледяная крупа жел 4 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Мақта қабылдау және терең өңдеу зауыттары салынбақ

Фото: egemen.kz

3.08.2023, 19:41 163

Түркістан облысында мақта қабылдау, терең өңдеу зауыттары салынбақ.

Мақтаарал ауданында биыл алғаш рет мақтаның жаңа сорты – өзбекстандық «Намаган-77» тұқымдық шиті егілді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстандық «Globаl Textile» компаниясымен келіссөздер жүргізілді, аталған фирма Мақтааралда мақта қабылдау пункттерін ашпақ және 10 мың гектар алқаптан шикізат қабылдауды жоспарлап отыр. Ал алдағы уақытта мақтаны қабылдау және терең өңдеу зауыттарын салуды көздеп отыр. Ең бастысы, жаңа сортты айналымға енгізу арқылы мақтаның аса қауіпті зиянкестеріне қарсы өңдеу шығыны азаяды, мақта өнімділігі артып, қосымша табыс ұлғаяды.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар маңызды нысандардың жай-күйімен танысты. «Намаган-77» жаңа мақта сортын өсіруге кіріскен шаруалармен кездесті. Атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады.

Сонымен қатар өңір басшысы «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында болып, тәжірибе орталығының жұмысымен танысты. Ғалымдармен жүздесті. Облыс әкіміне мақта кластерін дамыту, сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар мен элиталы тұқымдық шит, бәсекеге қабілетті отандық мақта сорттары таныстырылды. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту тапсырылды.

Аталған саланы дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу аса маңызды екенін айтқан Дархан Сатыбалды, ең алдымен, мақта сұрпының сапасын жақсарту керектігін атап өтті.

– Облысымызда жеке табысты арттыру үшін жаңа жұмыс орындарын ашу бағытына күш салу керек. Бұл ретте мақта кластерін дамытудың маңызы зор. Осы салада ірі фабрика, зауыт ашамын дейтін азаматтарға қолдау көрсетуге дайынбыз. Сонымен бірге мақта өсіруде су үнемдеу технологиясын мейлінше жетілдіру қажет. Жалпы, мақта шаруашылығы үлкен ізденістер мен зерттеулерді талап етеді. Облыс әкімдігі тарапынан мақта кластерін дамытуға жағдай жасалады. Осы бағытта үлкен жоспарларымыз бар, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив