2022 жылы экотуристер саны 2 млн-ға жетті
Фото: egemen.kz
Кейінгі 3 жылда Қазақстанда экотуристер саны 2 еседен астам өсті.
Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің дерегінше, егер 2020 жылы олар 985 мың болса, 2022 жылдың соңында 2 млн-ға жетті, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– Бұл – Қазақстандағы экологиялық туризмнің даму динамикасы және елдегі экотуризм мәдениетінің қалыптасқанының көрсеткіші. Сондай-ақ республиканың ұлттық саябақтарында жаңа туристік нысандар: визит-орталықтар, кемпингтер мен глампингтер салынып жатыр. Онда қонақтарға жергілікті экожүйе және жабайы жануарлар, туристік маршруттар, тасымалдау пункттері және т.б. туралы ақпарат беріледі. Мысалы, «Аюсай» визит-орталығында туристердің қауіпсіздік журналына әртүрлі соқпақ жолдармен шығатын саяхатшыларды тіркейді. Егер демалушылар сағат 22:00-ге дейін оралмаса, визит-орталық қызметкерлері іздеуді бастайды, – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Естеріңізге сала кетейік, кейінгі 2 жылда Қазақстанның ұлттық парктерінде 14 визит-орталық ашылды, оның 7-еуі жеке инвесторлардың қаражатын тарта отырып салынды. Сонымен қатар елдегі глампингтер саны биыл 38-ге жетті.
Оқи отырыңыз