KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

ШҚО-да астық бағасы көтерілді

Фото: Dauletten.kz

21.10.2023, 11:16 213 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да қуаңшылық салдарынан астық бағасы қымбаттады.

Алдағы уақытта елде ұн қымбаттауы мүмкін деген болжам бар, деп хабарлайды Altaynews тілшімі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Тамызда астық келісі 90 теңгеден сатылса, қазан айында 120-130 теңгеге дейін көтерілген.

Енді бұдан ұн мен нан да қымбаттай түсуі мүмкін деген болжам бар.

- Бірақ дәл айту мүмкін емес. Бағаның нақты өсетіні немесе өспейтіні егін жинау науқаны аяқталғаннан кейін ғана белгілі болмақ, - дейді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы.

Дегенмен облыста алдын алу шаралары қолға алынып отыр.

Мәселен, әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру мақсатында өңір әкімдігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-мен 2,5 мың тонна көлемінде арзандатылған астық жеткізу туралы үшжақты меморандумға қол қойды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу