ЖОО студенттерді жатақханамен қамтамасыз етпесе, оларға лицензия берілмейді
Фото: norma.uz
Еліміздің жоғары оқу орындары студенттерді жатақханалармен қамтамасыз етуге міндетті болмақ.
Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Zakon.kz жаңалықтар порталына сілтеме жасап.
5 желтоқсанда үкіметте өткен баспасөз мәслихатында министрондаған жылдар бойы қордаланған студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін айтты.
Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін Қазақстанда 10 мыңнан астам орынға лайықталған 43 жатақхана пайдалануға берілмек.
Осы жылдың қыркүйегінен бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес, университеттерге жаңадан қабылданған студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуді 100%, ал жалпы 70% қажеттілікті өтеу үшін қатаң талаптар қойылады. Бұл заң талабы болмақ.