KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Елімізде жүздеген мемлекеттік қызметшінің жұмыс кестесі жеңілдеді

Фото: egov.kz

20.01.2024, 16:00 170 Айна Ескенқызы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен алқа мәжілісінде 234 мемлекеттік қызметшіге үстеме жұмыс істеуге байланысты қосымша тынығу сағаттары берілді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Былтыр мемлекеттік органдардағы мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктерге байланысты 234 мемлекеттік қызметшіге қосымша тынығу сағаттары беріліп, 53 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді. Бұдан бөлек, агенттік мемлекеттік қызметшілердің мансабы мен отбасы арасындағы тепе-теңдікті сақтау үшін шаралар қабылданды.

– Былтыр мемлекеттік қызметшілердің белгілі бір санаты қашықтан немесе аралас қашықтан, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Бұл шаралар мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға оң әсерін тигізеді. Осылайша, икемді жұмыс уақытын пайдалану тәжірибесі өткен жылы 72,4 пайызға өсті. 2022 жылы икемді кестені 835 мемлекеттік қызметші пайдаланса, 2023 жылы олардың саны 3024 адамды құрады, – делінген агенттік хабарламасында. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив