KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
529.7 545.96 5.17

Қазақстанда мектеп дәретханаларына жаңа талаптар енгізіледі

Фото: kartinki-na-ekran.ru

19.02.2024, 21:00 122

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар дайындады.

Атап айтқанда, жалпы білім беретін мектептерде және арнайы білім беру ұйымдарында дәретханаларды жабдықтауға қатысты тармақ толықтырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталған объектілердің санитарлық тораптарында дәретхана, жуу раковиналары, қол жууға және кептіруге арналған құралдар, дәретхана қағазына арналған құрылғы, қоқысқа арналған урналар орнатылуға тиіс.

Сонымен қатар санитарлық тораптар дәретхана қағазымен қамтамасыз етіледі.

Мектепке дейінгі білім ұйымдарында балалар дәретханалары орнатылады.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге арналған дәретханалар есіктері бар кабиналарда орналастырылады.

Сондай-ақ, санитарлық тораптар «Жалпы білім беретін мектептердің санитарлық тораптары. Жалпы талаптар және қауіпсіздік талаптары» стандартына сай болуы тиіс.

Бұл түзетулер 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді деп көзделген.

Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында 4-6 адамға 1 душ, 1 жуыну раковинасы және 1 дәретхана орнатылатыны нақтылануда.

Құжат 1 наурызға дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

                                                                   

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу