KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Шетел азаматтары үшін жанармай бағасы өседі

Фото: ru.freepik.com

11.04.2024, 13:49 129 Ержан Әбіш

Еліміздің энергетика министрлігі шетел азаматтары үшін бензин мен дизель бағасын өзгертетін бұйрықтың жобасын жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

– Шетелдіктер үшін дизель отынының бағасы литріне 315 теңге болады деп болжануда. Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 245 теңге деңгейінде белгіленеді, – делінген ресми мәліметте.

Жүргізуші куәлігі мен көлік құралын Қазақстан Республикасында тіркеткен, сәйкесінше көлік салығын Қазақстан бюджетіне төлеп жүрген азаматтар үшін жанармай бағасы қазіргі күйінде, өзгеріссіз қалады.

Бірақ бұл әзірге бұйрық жобасы ғана екенін айта кету керек. Құжат күшіне ену үшін «Ашық-НҚА» порталында жарияланған нұсқасын мүдделі мемлекеттік органдардың бәрі мақұлдауы керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив