KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Қазақстандық студенттердің стипендиясы неліктен кешігуде?

Фото: kp.kz

26.04.2024, 14:30 350 Айжанат Бақытқызы

Төлемге жауапты компания студенттердің шәкіртақысы алушылардың сәйкестігін тексергеннен кейін есептелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Студенттер стипендияның кешігуіне байланысты шағымдануда. «Қаржы орталығы» АҚ шәкіртақыны алу бойынша белгіленген күн жоқ екенін хабарлады.

Мемлекеттік стипендияларды төлеу толық айға және алушылардың талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін  жүзеге асырылады. Ол айдың 15-і күні тексеріледі. 

- ЖОО өкілдері операторға білім алушылар, олардың аралық аттестаттау нәтижелері, алушылар санаты, сондай-ақ олардың ағымдағы шоттарының деректемелері туралы мәліметтерді ұсынады. Осыдан кейін ғана төлем жасалады, - делінген шәкіртақы төлеуге жауапты компанияның хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив