KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Ассамблея «Бірлік күнінің» бастауы бола білді

Фото: ikclc.kz

26.04.2024, 17:02 101 ALTAINEWS

Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130 ұлтты ұйыстырған жұмақ мекенге айналып отыр. Сондықтан да жыл сайын 1 мамырда тойланатын бірлік күнінің маңызы артып келеді.
Бірлік күні – Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.
Елімізде 1995 жылдың наурызынан бері дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені саналатын – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблеяның 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері бар. Сондай-ақ, 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.
Бүгінде әрбір ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Әр ұлт өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына сіңісе білді.
Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып табылатын Ассамблея бүгінгі таңда барлық этностардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты.

Өскемен қаласының 
мамандандырылған тергеу  соты 
әкімшісінің бас маман сот 
отырысының хатшысы А.Ж.Бельгибаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив