KZ
Өскемен
+24°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Жасанды интеллект туралы семинар өтті —ШҚО

Фото: ШҚО Білім басқармасы

24.10.2023, 10:30 297

20 қазанда «Digital Intelligence» семинары өтті. Оны ШҚО Білім басқармасының Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы және Цифрландыру және мұрағаттар басқармасына қарасты Oskemen it-hub бірлесе ұйымдастырған.

Семинарды ұйымдастырудағы басты мақсат — мектеп мұғалімдерінің кәсіби IT-қабілетін қалыптастыру және дамыту, білікті IT-серіктестердің тәлімгерлік сабағын (тьюторлық) ұйымдастыру, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сонымен қатар IT-қауымдастықтар мен информатика мұғалімдерінің қауымдастығының мүшелері арасында IT-білім беру саласындағы тәжірибе мен шешім алмасу, облыс мектептерінің оқушыларының IT-жобаларын және инновацияларды дамыту қарастырылған.

Шарада шеберлік сағаты өтіп, OSKEMEN IT-hub басшысы болашақ кәсіпкерлерге арнап баяндама оқыды. Мастер-класс оқушыларды стартап жоба құруға дайындауға арналды. Мұғалімдерге оқу процесіне негізгі компьютерлік жаңалықтарды енгізу, бағдарламалау және техникалық ойлау туралы ақпарат айтылды. Спикер бизнес жобаны әзірлеуді үйрету үшін практикалық құралдар мен стратегиялар ұсынды.

Одан өзге жаһандық прогресс факторы ретінде жасанды интеллектіні енгізу, жасанды интеллекті мен оның бағыттары, жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулердің бағыттары, StartUP жобаларын іске асыру ерекшеліктері туралы айтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив