ТЖМ: жаз ыстық болады
Фото: depositphotos.com
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов үкімет отырысында алдағы жазда орман өртінің шығу қаупі жоғары екенін айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, қазірдің өзінде республика бойынша 27 орман өрті және 122 дала өрті тіркелген. Олардың көбі министрлік күштерінің, соның ішінде авиацияның қатысуымен жойылды.
ТЖМ өрт қаупі кезеңінде халық пен ел аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр.
Әр өңірде ірі өрт сөндіретін күш-құралдар тобы дайындалды: 50 мыңға жуық адам және 10 мыңнан астам техника. «Қазавиаспас» АҚ-ның 19 ұшағы әзір, оның тоғызы су төгетін құрылғылармен жабдықталған. Сонымен қатар әуеден барлау үшін 120 дрон бар.