KZ
Өскемен
-6°
туман жел 4 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

АЭС жөніндегі референдум күзде өтеді

Фото: depositphotos.com

27.06.2024, 15:20 383 Ержан Әбіш

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде елде атом электр стансасын салу жобасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

– Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылып жатыр. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек, – деді ол.

Мемлекет басшысының пайымдауынша, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар.

– Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды, – деді Президент.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу