KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
488.45 529.19 5.04

Алакөлдегі демалыс үйлерінде бірнеше сағат бойы электр қуаты болмады

Фото: depositphotos.com

16.07.2024, 20:28 128 Ержан Әбіш

Демалыс базаларының иелері мен демалушылар кеше түстен бастап жағалаудағы бірқатар демалыс үйлерінде электр қуатының болмағанына шағымданды. 32 градус ыстықта тоңазытқыштар, мұздатқыштар, электр пештері мен кондиционерлер сөніп қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алакөл жағалауындағы демалыс базаларының бірінің иесі Құралай Төлеуованың айтуынша, олардың демалыс үйі әзірге электр қуатымен қамтамасыз етілген.

– Бірақ бұл ұзаққа созылмайды. Кез келген сәтте жарық сөніп қалуы мүмкін. Азық-түлікті қалай сақтаймыз, қонақтарымыздың демалуы үшін қолайлы жағдайды қалай жасаймыз?! Білмеймін, – деп қынжылды Құралай Төлеуова.

Оның айтуынша, Алакөл демалыс аймағындағы электр желілері мәселесі барлық кәсіпкерлерді әуреге салып отыр.

Электр желілерінің қуаты соншалықты төмен, қысқа маусымда кернеудің бірнеше рет төмендеуі байқалды, бұл көбінесе тамақтың бүлінуіне, сонымен қатар қонақүй бөлмелеріндегі техникалардың толық істен шығуына әкеп соқтыруда.

– Желідегі кернеудің төмендеуіне байланысты өткен жылы микротолқынды пеш пен басқа да ұсақ техникамыз күйіп кетті. Ал көршілерімізде бір сәтте бірнеше теледидар істен шықты, – дейді Құралай Төлеуова.

Кәсіпкер әйел электр энергиясын тұтынудың өскенін және Алакөлде жаңа қонақүйлердің ашылуын ескере отырып, бұл проблемалардың тек өрши түсетініне сенімді.

– Біз электр желілері кернеуінің ауытқуына бірнеше рет шағымдандық. Демалыс аймағы жылдан-жылға өсіп келе жатқандықтан, бізге бір кездері көрші ауылды электр қуатымен қамтамасыз ету үшін белгіленген қуаттар жетіспейді. Алайда әзірге біздің шағымдарымыз назардан тыс қалып отыр, – деді Құралай Төлеуова.

Сонымен қатар 2023-2027 жылдарға арналған Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарына сәйкес Алакөл көлінің жағалауын энергиямен жабдықтау үшін Көктал ауылынан Қабанбай ауылына дейін қуаты 110 кВт жоғары вольтты желі салу көзделген.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив