ШҚО-да бірнеше ауданда электр қуаты үзілді
шартты сурет
Шығыс Қазақстан облысында күн күрт суытып, жел күшейе түсті. Соның салдарынан өткен түнде бірнеше ауданда желілерден ақау шығып, электр қуаты үзілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бірде жерде магистральдық желілерге ағаш құласа, бір жерде дауыл салдарынан электр сымдары тұйықталған. Мәселен, Зайсан ауданында үш рет жарық өшіп қалды. Елді мекендердің бірінде 10 кВт қуатқа ие изолятор зақымданған, қазір энергетиктер жабдықты ауыстырып жатыр.
Алтай ауданындағы Серебрянск, Александровка қалаларында түнгі сағат он шамасында электр қуаты үзілді. Мұнда да жылбысқы қар мен күнің күрт салқындауынан апат туындаған. Дегенмен арада бір сағат өткенде тұтынушыларға электр қуаты қайтадан берілді.
Сондай-ақ өткен түнде Алтай Альпісі, Орленок, Изумруд демалыс орындарында да электр қуаты үзілген. Бүгін таңертең Тарбағатай ауданындағы кейбір елді мекендер жарықсыз қалғаны белгілі болды. Ақау шыққан учаскелерде арнайы бригада бірден іске кірісіп, желілерде жедел қалыпқа келтіріп жатыр. Жағдай мамандардың бақылауында.