KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Өскеменде екі жұмысшы тірідей жанып кете жаздады

26.09.2018, 03:41 201

Өскеменнің « Су арнасы» коммуналдық кәсіпорнында екі жұмысшы тірідей жанып кете жаздады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Түнгі ауысымдағы электр дәнекерлеуші мен механик кәріз жұмыстарын орындап жатқан. Компания басшылығы оқиға техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болғанын айтуда. Қазір зардап шеккендердің екеуі де 1-ші қалалық аурухананың интенсивті терапия бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы ауыр, денелерінің 50% күйік шалған.


– Қазіргі таңда заңға сәйкес ішкі қызметтік тексеру бойынша комиссия құрылды. Еңбек департаментіне хабарлама бердік. Енді бұл оқиғаны тексеру бойынша комиссия тағайындалады. Оның нәтижесімен оқиғаның мән-жай анықталады, – деді «Өскемен-су арнасы» ҚМК бөлімінің басшысы Наталья Лукерина.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив