KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Елде дәрі-дәрмек пен медициналық заттардың қоры құрылады

Фото: egemen.kz

2.08.2023, 14:55 207

Халықты тегін дәрі-дәрмекпен уақтылы қамту мақсатында қор қалыптастыру жоспарланып отыр.

Бұл дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтуға, тәуекелдің алдын алуға, төтенше жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі іркілістердің алдын алу мақсатында бірыңғай дистрибьютордың өз қаражаты есебінен кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында берілетін дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың қорын құру жоспарланып жатыр. Бұл өз кезегінде дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етуге, тәуекелдердің алдын алуға, төтенше жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді,  деді «СК Фармация» ЖШС баспасөз хатшысы Әйгерім Смаилова бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағаны көтеру жобасын талқылау барысында.

Айта кетейік, бүгін Астанада кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйелерінің шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арнайы құқық субъектісі ретінде бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағаны көтеру жобасын талқылау бойынша ашық тыңдау өтті.

                         

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив