KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан ҰОК бокс төрешілерінің үстінен шағым түсірді

Фото: olympic.kz

2.08.2024, 10:46 3 038 Ләззат Қанатқызы

Ұлттық Олимпиадалық комитеті 63,5 келі салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурулиарасындағы жекпе-жек нәтижесін түсіндіруді талап етіп, ресми түрде PBU-ға (Paris boxing Unit) шағым түсірді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

- Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне қатысты шағым түсірді. Біз бұл нәтижемен келіспейміз және PBU-дан түсініктіме талап еттік. Бұдан ХОК та хабардар.
Біздің ойымызша, қазақстандық боксшы 2024 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына жолдама беретін маңызды кездесуде жеңіске жетті. Өткен жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау мүмкін еместігін де түсінеміз.
Алайда, біз ірі халықаралық жарыстағы төрелік әділ әрі таза болғанын қалаймыз, - деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева. 

Айта  кетейік, бұған дейін Қазақстан ҰОК қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінде төрелік еткен жекелеген төрешілерге қатысты PBU-ға ескерту жасады. Ескерту қабылданып, қазіргі таңда зерттеу жүргізіліп жатыр. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу