Ұлттық қор – балаларға: қаржы 2025 жылдың ақпанында түседі
Фото: depositphotos.com
2024 жылдың ақпан айында «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша төлемдер басталды. 1,3 млн доллар жастардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім беру ақысын төлеуге бағытталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
– 6,9 млн баланың шотына $100,05-дан аударымдар жүргізілді. Жоба жастардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім беру ақысын төлеуге бағытталып отыр, – делінген хабарламада.
Биыл қаражатты пайдалануға 16,6 мың өтінім берілді, оның ішінде 13 мың өтінім орындалды.
Орындалған өтінімдердің жалпы сомасы $1,3 млн-ды құрады, келесі қаражат 2025 жылдың ақпан айында есептеледі, бұл балалар мен олардың отбасына қосымша қолдауды қамтамасыз етеді.
Оқи отырыңыз
63 қазақстандыққа Ұлттық қордан 100$ алу мақұлдандыҰлттық қордан бөлінетін қаражат бала 18-ге толғаннан кейін 10 жыл сақталадыҰлттық қор - балаларға: қазақстандықтар қанша қаражат шешіп алған?"Ұлттық қор - балаларға": БЖЗҚ төлем алатын балалардың тізімін жасадыҰлттық қор – балаларға: арнайы шотқа алғашқы қаражат қашан түседі?