KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 3 м/с, З
525.11 546.74 4.88

Кафелерде қызмет үшін төленетін 10% алынады

Фото: depositphotos.com

5.09.2024, 14:06 142 Ержан Әбіш

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев заңға жаңа өзгеріс енгізуді ұсынатынын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

– Бүгін қызмет көрсетуге төлем чегіңізде міндетті атрибут ретінде көрсетілген. Біз қызмет көрсетуге төленетін жеке төлемді чектегі міндетті атрибуттан алу үшін заңға өзгеріс дайындап жатырмыз. Қызмет көрсетуге төлейтін 10 пайыз алынып тасталады. Ол сома сіз алған қызметтің ішінде болса, неліктен сіз екі рет төлеуіңіз керек, – деді министр Сенат кулуарында.

Айта кетейік, қазір дәмхана, ресторандардың барлығында дерлік тұтынушы алған қызметтің кемінде 10 пайызын қызмет көрсетуге төлейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу