KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
478.96 533.03 5.22

Тұтынушылар домофон жабдықтарын сатып алу мен қызмет көрсетуге жеке шарт жасауы тиіс

30.10.2019, 19:00 65

Тұтынушылар домофон жабдықтарын сатып алу мен қызмет көрсетуге жеке шарт жасауы қажет, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі мәлімдейді.

Монополияға қарсы органның пікірінше, домофондық ұйымдар азаматтарға домофондарды орнату және қызмет көрсету қызметтерін қатар міндеттейді.

Бұл ретте, домофон жабдығын орнатуға жұмсалатын шығындардың көп бөлігін тұрғындар бір реттік бастапқы төлемдермен (пәтерден 3 мың теңгеге дейін) жабады және бір жыл ішінде толығымен өтейді, ал жабдықтың өзі азаматтардың меншігіне берілмейді, осылайша, оларға қызмет көрсететін компанияны ауыстыру мүмкіндігін жояды. Бұл жағдай тұтынушылардың домофондық ұйымдарды таңдау құқықтарына қысым жасауға алып келеді, сондай-ақ, баға бәсекелестігін жоққа шығарады.

Осыған байланысты, заңнаманы өзгерту және домофон жабдықтарын сатып алуға және оған қызмет көрсетуге жеке шарттар жасауды қарастыру ұсынылып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив