KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

"Ұлттық қор - балаларға"  бағдарламасы бойынша  "БЖЗҚ" АҚ  21 933 өтінішті қанағаттандырды

gov.kz

20.09.2024, 10:00 102 Айжанат Бақытқызы

"Ұлттық қор - балаларға"  бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылдың сегіз айында  "БЖЗҚ" АҚ  жалпы сомасы шамамен 2,2 млн АҚШ доллары болатын  21 933 өтінішті қанағаттандырды.  Қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды, деп хабарлайды... "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қордың хабарлауынша, оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 1,3 млн АҚШ долларына жуық сомаға 12 487 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 947,6 мың АҚШ долларына жуық сомаға 9446 өтініш орындалды. Бұл жерде айта кету керек, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалан а алады, пайдаланылмаған қалдық сома нысаналы жинақтау шотында қала береді.


Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50% мөлшері жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында теңдей бөлінеді. 2024 жылғы ақпанда БЖЗҚ-да 2023 жылдың қорытындысы бойынша барлық балаларға алғашқы нысаналы талаптар есептеліп, 2024 жылы 18 жасқа толған азаматтардың нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептелді және төлемдер жүзеге асырыла бастады.


                                                                                                                                                     Айна Ескенқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу