KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
484.11 528.79 5.03

"ҚазАвтоЖол" бірнеше өңірдегі жүргізушілерге ескерту жасады

depositphotos.com

Бүгін, 12:00 11 Ержан Әбіш

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ бірнеше өңірдегі көлік жүргізушілеріне ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бүгін 15 қазанда Абай, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе, Павлдар және Шығыс Қазақстан облыстарында дымқыл қар мен жаңбыр аралас қар жауады деп күтілуде. Ал Шымкент қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаңбыр жауады деген болжам жасалынып отыр.

Сол себепті көлік жүргізушілерден қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, - делінген мәліметте.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив