KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Әскери қызметкерлерге арналған қызмет шарттары мен әлеуметтік жеңілдіктер

13.11.2024, 11:00 79 Гульжан Мусина

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін толық әлеуметтік жеңілдектер иеленуге құқылы. Әскердегі қызмет – бұл тек борыш өтеу  ғана емес, сонымен қатар мансаптың өсуі  мен жеке жетістіктерге жету мүмкіндігі. Әскери қызметшілерге қолжетімді негізгі артықшылықтар мен жеңілдіктерге тоқталайық.

    1.    Мемлекеттік қамтамасыз ету: Барлық әскери қызметшілер толық мемлекеттік қамтамасыз етумен, оның ішінде ақшалай төлемдермен, киім-кешекпен, медициналық қызметпен қамтылған.
    2.    Тұрғын үй жағдайлары: Әскери қызметшілерге қызметтік баспана беріледі немесе тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу үшін ай сайынғы төлемдер қарастырылған. Мысалы, бір адамға төлемдер 50 000 теңге, ал бес адамнан тұратын отбасыға 250 000 теңге.
    3.    Демалыс және өтемақылар: Әрбір әскери қызметші жыл сайынғы екі лауазымдық айлық көлеміндегі төлемдермен демалысқа құқылы.
    4.    Мансаптық өсу: Армияда мансаптық өсу мүмкіндіктері бар — бөлімше командирінен бастап Қарулы Күштердің Бас сержантына дейін.
    5.    Біліктілікті арттыру: Әскери қызметшілер кезең-кезеңімен біліктілігін арттырып, бұл жалақы деңгейіне әсер етеді.
    6.    Зейнетақы: Зейнетке шығу 45 жастан бастап, соңғы қызмет атқарған лауазым бойынша ақшалай төлемдердің 50% көлемінде жүзеге асырылады.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны арттыруды көздейтін жаңа төлем жүйесі күшіне енеді:

    •    офицерлер үшін 20,3%-ға және қатардағы сарбаздар мен сержанттар үшін 33,9%-ға бірінші кезеңде;
    •    2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап офицерлер үшін 23%-ға және қатардағы сарбаздар мен сержанттар үшін 10%-ға екінші кезеңде.

Әлеуметтік жеңілдіктер:

    •    Әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына қоғамдық көлікте тегін жүру, жылына бір рет демалысқа тегін сапар;
    •    Коммуналдық қызметтердің 50% төленуі;
    •    Өрістегі төлемдер және басқа да бонустар.

Қызметке қабылдау шарттары: 32 жас 6 айға дейінгі әскерге шақырушыларға армияда қызмет ету мүмкіндігі беріледі. Қызметке кіру үшін жеке куәліктің, әскери билеттің, дипломның және өмірбаян көшірмелерін қоса алғанда бірнеше құжаттар қажет.

Сегіз жылдан кем емес қызмет еткен әскери қызметшілер жоғары білім алу үшін оқу шығындарының 50%-ын өтейтін өтемақы алуға құқылы.

Құжаттарды тапсыру мекенжайы:

Өскемен қ., Аврора көшесі 181/3, 99230 әскери бөлімшесі, Шығыс Қазақстан облысы аумақтық қорғаныс бригадасы.

Байланыс:

Қанат Талғатжанұлы — 8 777 165 88 99, Самат Сабирұлы — 8 775 913 03 49 (WhatsApp).

Ел қорғаушысы болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу