KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

2050 жылға таман Қазақстан атом энергетикасын үш есе ұлғайтады 

Бүгін, 19:30 1 Гульжан Мусина

Қазақстан 2050 жылға қарай атом энергетикасын үш есе ұлғайту туралы декларацияға қосылды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі gov.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі Сұңғат Есімханов Баку қаласында өткен БҰҰ-ның COP29 климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы атом энергиясын пайдалануды үш есе арттыру бойынша күш-жігерді ілгерілету жөніндегі халықаралық іс-шараға қатысты.
Вице-министр өз сөзінде Париж келісімінің мақсаттарын орындау үшін әлемдік экономиканы декарбонизациялауды жеделдетуге және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған 2050 жылға қарай атом энергетикасын үш есе ұлғайту жөніндегі декларацияға Қазақстанның қосылатынын жариялады.

–    Қазақстанның 2050 жылға қарай атом энергиясын үш есе ұлғайту туралы Декларацияға қосылуы – тұрақты және экологиялық таза болашаққа жасалған маңызды қадамымыз. Біз энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып қана қоймай, ортақ мақсатқа жету үшін әлемдік қоғамдастықпен ынтымақтаса отырып, көміртегі шығарындыларының жаһандық төмендеуіне елеулі үлес қосуға тырысамыз, – деп атап өтті Энергетика вице-министрі.

Қазіргі уақытта декларацияға 26 мемлекет қосылды: Армения, Болгария, Канада, Хорватия, Чехия, Финляндия, Франция, Гана, Мажарстан, Ямайка, Оңтүстік Корея, Молдова, Моңғолия, Марокко, Нидерланды, Польша, Румыния, Словакия, Словения, Швеция, Украина, БАӘ, Ұлыбритания, Жапония, Америка Құрама Штаттары және оның ішінде Қазақстан.

Қазақстанның атом энергетикасын үш есе ұлғайту туралы Декларацияға қосылуы елдің орнықты даму мақсаттарына бейілділігін және климаттың өзгеруіне қарсы күреске елеулі үлес қосуға дайын екендігін білдіреді. Қазақстан атом энергетикасын 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге, таза энергия көздерінің үлесін ұлғайтуға және сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өзінің болашақ энергия теңгерімінің маңызды компоненттерінің бірі ретінде қарастырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу