Сергей Агафонов – Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қауымдастығының төрағасы. Энергетика саласында 30 жылға жуық жұмыс істеген әрі әулетінің үшінші буын энергетигі ретінде референдумның қорытындысына шын жүректен қуанышты екенін айтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Баршамызды маңызды және дұрыс таңдау жасалғанымен құттықтаймын – Қазақстанда атом энергетикасы болуы керек. Біздің жұмыс істеп тұрған электр станцияларымыздың тозуын және электр энергиясын тұтынудың артуын ескере отырып, қазақстандықтардың дана таңдауы атом электр станцияларын салу пайдасына жасалғанына қуаныштымын, - деп атап өтті. Сергей Агафонов.
Тәжірибелі энергетиктің сөзіне қарағанда, бұл өз электр энергиясын тұрақты және сенімді өндіру есебінен Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймайды, сонымен қатар елді импорттан және осыған байланысты энергия ресурстары бағасының ауытқуынан құтқаруға мүмкіндік береді.
Демек, энергияға тәуелсіз болып, энергияны көп өндіретін өнеркәсіптің дамуы – сайып келгенде, өндірісі экологияны уландырмайтын электр энергиясына қол жетеді деген сөз.
- Энергетика саласында 30 жылға жуық жұмыс істеген әрі әулетіміздегі үшінші буын энергетик ретінде референдумның қорытындысына шын жүректен қуаныштымын! Соңғы уақытта атом электр станциясын салу мәселелерін түсіндіру бойынша жүргізілген қарқынды жұмыстар мен көптеген кездесулердің барысында мен қазақстандықтардың өте сауатты және көреген адамдар екеніне референдумға дейін де көзім жетті. Мен Президентімізге елімізде атом энергетикасын дамытуды қолдағаны үшін және осы процеске белсенді қатысқаны үшін ерекше рахмет айтқым келеді, - деп қосты Сергей Агафонов.