KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 3 м/с, Ю
527.23 544.05 5.05

Жаңа мемлекеттік сатып алу заңында не өзгерді?

Фото: pexels.com

4.12.2024, 12:45 91 Гульжан Мусина

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң қолданысқа енеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында  мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалатынын айтты. Бір жыл ішінде құзырлы органдар мемлекеттік сатып алудағы процестер оңтайландыратын жаңа заң жобасын әзірледі.

Мемлекеттік сатып алу – жаңашылдықтарды, озық технологиялар мен отандық өндірісті ілгерілетуге ықпал ететін тиімді тетік. Осыған орай ҚР Қаржы министрлігі Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының бизнес өкілдерімен, мемлекеттік сектормен және азаматтық қоғаммен өкілдерімен кездесіп, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдағы негізгі өзгерістерді түсіндірді.

- Мемлекеттік сатып алудың ашық және жақсы ұйымдастырылған жүйесі процестің барлық мүдделі тарабына, оның ішінде мемлекеттік секторға, бизнес пен азаматтарға тиімді. Өйткені бұл бәсекелестіктің артуына және көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасын жақсартуда септігі зор. Мысалы, сатып алуға қатысушылардың біліктілігін арттыру үшін тиісті беделі бар өндірушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру ұсынылады. Өндіруші туралы ақпарат түрлі дерекқорларды пайдалана отырып қалыптастырылады. Бұл қызмет көрсетушілерді автоматты түрде таңдауға көшуге мүмкіндік береді, – деді Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы.

Кездесу барысында бизнес және мемлекеттік сектор өкілдері түйткілді мәселелерін көтеріп, бірнеше ұсыныстарын ортаға салды. Өз кезегінде вице-министр бұл ұсыныстардың ескерілетінін айтты.

Жергілікті тапсырыс орындаушыларға басымдық беріледі

2025 жылдан бастап мемлекеттік сатып алу барысында тапсырыс беруші мен тапсырысты орындаушы мекемелердің тіркелген жері бір аумақта болса, сол мекемеге қосымша ұпай беріледі.

Бүгінде мемлекеттік сатып алу көптеген кәсіпкерлердің тікелей табыс көзіне айналып отыр. Себебі кез келген мәселеде, қажетті тауарды жеткізу, белгілі мөлшердегі қызметті атқару, әсіресе құрылыс нысандарын салу және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тапсырыс беруші де, қызметті ұсынушы да өз келісімдерін мемлекеттік сатып алу аясында ашық жүргізеді.

Мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсында белгілі бір көлемдегі қызметті орындау тапсырысын елдің екінші шетіндегі мекеменің ұтып алу жағдайлары жиі орын алады. Әрине, егер ол компания өзіне жүктелген міндеттерді келісімшартты бұзбай орындаса, еш әбестік жоқ. Алайда тапсырысты алып, бірақ қашықтыққа байланысты оны жүзеге асыра алмау немесе қосалқы мердігерді тарту арқылы жүктелген жұмысты шала орындау жағдайлары да орын алатыны жасырын емес.

- Қазіргі қолданыстағы заң бойынша тапсырысты орындаушы компания, тапсырыс орналастырылған аумақта тіркелген болса, оған бір ұпай үстеме беріледі. Жаңа заң бойынша ол ұпай екі ұпайға көтерілді. Себебі тапсырысты осы аймақтағы компания ұтатын болса, біріншіден, оның осы жерде материалдық техникалық базасы бар. Екіншіден, ол осы жерде салық төлейді, жұмыс орындарын ашады. Сондықтан жергілікті компанияларға біз үстемдік беруіміз керек, – деді ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы.

Яғни жаңа заң бойынша, мемлекеттік сатып алуға жергілікті және көрші облыстардың компаниялары қатысатын болса, жергілікті компанияға екі ұпай қосу ақылы басымдық беріледі. 

Тапсырыс орындаушылардың талабы күшейтіледі

Қазіргі уақытта Үкімет жұмысының негізгі бағыты – отандық тауар өндірушілерді қолдау. Бұл барлық салаға, соның ішінде сатып алуға қатысты. Сондықтан егер тапсырысты орындаушылар жұмысты мерзімінде аяқтамаса немесе тауарларды уақытылы жеткізбесе, олар өз әрекеттері үшін жауап береді.

- Бүгінгі таңда тапсырысты орындаушылылар туралы ақпарат екі көзден алынады. Бұл тәуекелдерді басқару жүйесі және мемлекеттік кірістер комитетінің дерекқоры. Алайда біз ақпаратқа қол жетімділікті кеңейтуге тырысамыз. Біз Жоғарғы соттың дерекқоры, қаржылық-есептілік және салықтық сияқты басқа дерекқорлардан алынған деректерді пайдалануды жоспарлап отырмыз. Біздің түпкі мақсатымыз ­­– 2027 жылға қарай бірыңғай ережелер немесе заң әзірлеу, сондай-ақ сатып алу рәсімдерін біріздендіру, – деп қосты вице министр.

Сонымен қатар жаңа заң бойынша тапсырыс орындаушының үстінен техникалық және қоғамдық қадағалау жүргізіледі.

- Біз заңды зерттедік. Бұрынғы заңда тапсырыстың орындалу барысына мониторинг жүргізу туралы еш жерде айтылмаған екен. Сондықтан біз қоғамдық бақылау туралы заңға сілтеме жасай отырып, қоғамдық бақылау процедураларын біріктірдік. Себебі бұл заңда бақылау процестеріне арналған процедуралар нақты жазылған. Енді бұзушылықты байқаған кез келген азамат тапсырыс берушіге жүгінуге құқылы. Мысалы, егер біреу мектеп құрылысы кестеден артта қалып немесе пайдаланылған ескі материалдардан салынып жатқанын көрсе, олар бұл туралы хабарлауы керек, – деді қаржы вице-министрі Дәурен Кеңпейіл.  

Жаңа заң тапсырыс берушілерді өндірістік жұмыстардың кестесін ашық порталда орналастыруға міндеттейді. Бұл әр тұрғынға құрылыс процесін бақылауға, олар жарияланған мәліметтерді салыстыруға және кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Шағымдарды қарау жүйесі өзгертілді

2016 жылдан бастап Қаржы министрлігі комитетінің ішкі мемлекеттік аудит органдары қоғамдық порталды бақылайтын уәкілетті орган болып табылады. Олар федералды қадағалау барысында толық бақылау жүргізуге, шағымдарды қарауға жауап береді.

Жаңа заңда шағымдану тетіктері қайта қаралып, түбегейлі өзгертілді. Бірақ ішкі мемлекеттік аудит комитеті мен оның аймақтық департаменттері өз функцияларын сақтап қалды. Олардың міндеті – шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылауды күшейту және өтінімдерді қабылдамаудың заңдылығын қамтамасыз ету.

– Қолданыстағы заң бойынша шағымдар ішкі мемлекеттік аудит комитетіне түседі. Жаңа заң бойынша шағымдар тапсырыс берушінің өзіне түседі. Егер шағымданушы тапсырыс берушінің жауабымен келіспесе, ол сотқа баруға құқылы, – деп атап өтті Дәурен Кеңпейіл. – Конкурстық құжаттама енді аудиторлар оны тексере алатындай етіп порталда бекітілгенге дейін орналастырылатын болады. Бірінші кезеңде конкурстық комиссия қате шешім қабылдаса да, ол қарау кезеңінде қайта тексеріліп, дұрыс шешімге ауыстырылуы мүмкін, – деп пікірін қосты вице-министр.

Мерзімдер қысқартылды

Мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру, тапсырысты орындау, шағымдарды қараудағы мерзімдердің қысқартылуы сатып алу процесін жеделдетеді. Тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушыларда шарттарды жедел жасасу мүмкіндігі пайда болады. Бұл мердігерлерге қысқа мерзімде жұмысқа кірісуге мүмкіндік береді.

- Қазір егер шағымдану рәсімін қоспайтын болсақ, сатып алуды өткізу мерзімі қырық бес күнді құрайды. Біз ұзақ уақыт бойы тұтынушылар мен ұйымдастырушылар өз міндеттерін ыңғайлы орындай алатындай оңтайлы мерзімдерді қарастырдық. Жаңа заңда конкурстық комиссияға қортынды шығару үшін он бес күн ғана берілетін болады. Рейтинг-ұпайлық жүйе қолданылатын кейбір жағдайларда мерзімдер жиырма тоғыз күннен бес күнге дейін қысқартылады. Осылайша, тапсырыс берушілер бес күн ішінде мердігерді анықтай алады, – деп пікірін қосты вице-министр.

Сонымен қатар қазір сот қызметі мемлекеттік сатып алуға қатысты арыз-шағымдарды бір жарым жылға дейін қарауға құқылы болса, жаңа заңнамада оның мерзімі төрт айға дейін қысқартылды.

Бір көзден мемлекеттік сатып алу

Бір көзден мемлекеттік сатып алуға жол берілетін екі негізгі жағдай бар. Біріншісі, егер мемлекеттік сатып алу рәсімі жарияланып, бірақ бірде-бір өтінім келіп түспесе немесе келіп түскен өтінімдер талаптарға сәйкес келмесе қолданылады. Бұл жағдайда тапсырыс беруші бұрын өзара әрекеттескен немесе ең тиімді шарттарды ұсынатын жалғыз жеткізушіге жүгіне алады. Екіншісі, бұл әдіс заң бір көзден сатып алу мүмкіндігін тікелей көрсететін жағдайларда қолданылады.

Жаңа Заң бойынша тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жедел сатып алуына оңтайлы жағдай жасау және оларға барынша дербестік беру мақсатында құны 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, 500 АЕК-ке дейінгі жұмыстар мен қызметтерді бір көзден сатып алу құқығы қарастырылған. Ауыл әкімдіктері үшін мұндай тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шегі 3000-нан 4000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу мүмкіндігі әзірге тек төтенше жағдай салдарын жою үшін бекітілді.

Ақерке Рағызбаева

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу