KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Қазақстандықтар Қытай шекарасынан жаяу өте алады: Бақты кеден бекеті ашылды

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

9.12.2024, 20:00 94 Гульжан Мусина

Абай облысында жаяу жүргіншілерге арналған Бақты кеден бекеті ресми түрде іске қосылды. Бұл жаңалық екі ел арасындағы қатынастарды нығайтуға және экономикалық серіктестікті дамытуға оң әсерін тигізеді.

Жаяу жүргіншілер үшін кедендік бекеттің ашылуы:
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымын арттыруға,
саяхатшыларға қолайлы жағдай жасауға,
өңірлердің өзара байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.

Бақты кеден бекетінің терминалдары қайта жаңғырту жұмыстарынан өтіп жатқандықтан, саяхатшылар:

Белгіленген тәртіппен және заңнамаға сәйкес шекарадан өте алады.
Әр жолаушыға айына 1 рет 25 келіге дейін жүк өткізуге рұқсат етіледі. Халықаралық жолаушы тасымалы арнайы рұқсаты бар көліктермен ғана жүзеге асырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу