Дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы жаңарды
Фото: egemen.kz
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты.
Дәрі-дәрмек қобдишасының жаңа құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі бұйрығы арқылы бекітілген, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Дәрі-дәрмек қобдишасы жеке қажеттіліктер мен сұранымдарға сәйкес пайдаланушының қалауынша толықтырылады.
Өнеркәсіптік объектілерде дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы қолдану жөніндегі нұсқаулықпен қоса, зиянды немесе қауіпті өндірістік факторларға байланысты жарақатты шұғыл өңдеуге арналған құралдармен (антидоттармен) толықтырылады.