KZ
Өскемен
-23°
туман жел 1 м/с, СБ
502.47 525.83 5.68

Елімізде 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

gov.kz

Кеше, 13:00 175 Төлеуғазы Жансая

2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда 13 072 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Олардың арасында басшылар, құрылымдық бөлімшелер жетекшілері, мамандар, білікті жұмысшылар, маусымдық қызметкерлер де бар, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Бүгінде 1 710 жұмыс беруші шетелдік мамандарды еңбекке тартып отыр. Бұл кәсіпорындарда 383 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істейді, бұл жалпы қызметкерлер санының 96,6%-ын құрайды.

Шетелдік жұмысшылар ең көп құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, әкімшілік қызметтер мен ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етеді. Олардың басым бөлігі Қытай, Түркия, Үндістан және Өзбекстаннан келген.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан жыл сайын шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша квота белгілейді. 2025 жылы бұл квота 14,8 мың бірлік мөлшерінде, яғни елдегі жалпы жұмыс күшінің 0,2%-ы деңгейінде белгіленді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу