KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, З
502.47 525.83 5.68

Мемлекеттік бақылау: 135 млрд теңге қайтарылды

Фото: Ақорда

Кеше, 17:00 171 Төлеуғазы Жансая

Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдап, 2024 жылғы аудит қорытындылары мен 2025 жылға арналған жоспарларды талқылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Өткен жылы 214 нысанда жалпы құны 11 трлн теңгені құрайтын 27 аудиторлық тексеріс жүргізіліп, 862 млрд теңге көлемінде заң бұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде бюджетке 135 млрд теңге қайтарылды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен бес есе көп.

Биыл 40-тан астам аудиторлық тексеріс жоспарланған. Мемлекет басшысы бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету үшін цифрлық шешімдерді енгізу қажеттігін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу