KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Білім мекемелеріне жоспардан тыс тексеріс жүргізілді – ШҚО

Фото: depositphotos.com

1.10.2024, 11:30 504 Айна Ескенқызы

Ағымдағы жылдың сегіз айында облыстағы білім беру нысандарына жоспардан тыс жеті аудиторлық тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тексеріс  нәтижесінде 85 млн теңгеден астам соманың жалақыны негізсіз есептеу және аудару, сондай-ақ орындалмаған жұмыстарға қаражат аудару сияқты қаржылық және рәсімдік бұзушылықтарын әшкереледі.

Жіберілген қаржылық бұзушылықтар үшін бес лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал екі лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 131 мың теңге айыппұл арқалады.

Қазір департамент мамандары Катонқарағай ауданында тағы жеті білім беру нысанында жоспарлы аудиторлық тексеріс жүргізуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив