KZ
Өскемен
-13°
ясно жел 2 м/с, С
502.47 525.83 5.68

Көктемнің алғашқы күнінде «Игі істер марафоны» басталады

Фото: pixabay.com

Бүгін, 14:35 65 Гульжан Мусина

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірлесіп, 1 наурыздан бастап «Игі істер марафоны» жобасын іске қосатынын хабарлайды. Бұл бастама қазақстандықтарды волонтерлік пен қайырымдылық істеріне тартуға бағытталған.

Жоба аясында арнайы қайырымдылық күнтізбесі әзірленіп, тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға және қоғамның түрлі салаларындағы қайырымдылық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

Іс-шара қорытындысы бойынша «Жүректен жүрекке», «Қоғам игілігі үшін», «Салауатты қоғам», «Жақсылықтың жаршысы», «Инклюзивті келешек», «Табиғат қорғаушысы», «Жануарлар жанашыры» номинацияларында үздіктер анықталып, марапатталады. Сонымен қатар, «Ең мейірімді аймақ», «Ең мейірімді ауыл», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді жоғары оқу орны», «Ең мейірімді мектеп», «Ең белсенді медиа» сынды арнайы номинациялар да қарастырылған.

Өткен жылы жобаға 50 мыңға жуық адам қатысып, 7 мыңнан астам игі іс жасалған.

Марафонға қатысу үшін әлеуметтік желілерде жасаған игі іс туралы ақпаратты #ИгіІстерМарафоны2025 #МарафонДобрыхДел2025 #MarathonOfGoodDeeds2025 хэштегтерімен жариялап, Qazvolunteer.kz платформасында тіркелу қажет.

Толық ақпаратты Qazvolunteer.kz сайтынан және @kz_nvs, @qazvolunteer.kz әлеуметтік желілерінен алуға болады.

Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу