KZ
Өскемен
-22°
плотный туман Штиль
499.22 519.14 5.64

Мейірімді жандар балалардың тілегін орындады – ШҚО

Фото: gov.kz

1.06.2023, 18:30 340

Балаларды қорғау күніне орайластырылған мерекелік іс-шаралар аясында ШҚО білім басқармасы үш ай көлемінде өткізілген «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясының қорытындысын шығарды.

2016 жылдан бері жалғасып келе жатқан акция жыл сайын 1 наурыздан 1 маусымға дейінгі аралықта өткізіледі. Қолға алынған 6 жыл ішінде акция шеңберінде барлығы 19425-тен астам тілек орындалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шара шеңберінде аз қамтылған, көпбалалы отбасылардағы және ата-апасының қамқорындағы әр бала тілегі мен қалауын жазып, хатты онлайн режимде жолдайды. TYLEK.KZ сайтына орналастырылған хаттарда жазылған тілекті меценаттар мен өзге азаматтар орындай алады.

Биыл барлығы 2540 тілек-хат түсіп, жүзеге асырылды.

Балалардың тілегін орындау үшін коммерциялық және өзге ұйымдар, шаруа қожалықтары, кіші және орта бизнес өкілдері, жеке кәсіпкерлер мен аймақ тұрғындары демеуші ретінде жәрдемдесті. Сонымен қатар акцияға білім беру саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері де қатысты. Аймақ көлемінде өткен шараның демеушілеріне алғыс хат табысталды.  

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу