KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

Мейірімді жандар марапатталды – ШҚО

5.06.2024, 14:04 275 Қызырбек Дүргінбайұлы

Балаларға әлеуметтік-патронаттық қолдау көрсетуге бағытталған «Мейірім» және «Жүректен жүрекке» акциясын жүзеге асыруға атсалысқан ұйым өкілдері мен мейірімді жандар марапатталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Мейірім» акциясы осыдан 13 жыл бұрын басталған болса, «Жүректен жүрекке» акциясы 9 жыл бұрын басталып күні бүгінге дейін қайырымдылық шараларының өтуіне ұйытқы болып келеді. Осы аралықта облыс бойынша 2040 балаға көмек көрсетілсе, акция басталғаннан бері 562 адам тұрғын үймен қамтылған.

Биыл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, қамқоршысы жоқ балалардың жазған 3015 тілек хаты қаралып, мейірімді жандардың қолдауымен барлығының  тілегі орындалған.

Облыстық білім басқармасының басшысы қайырымдылық шараларына үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан патронаттық ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізіп, балалардың арманын орындап жүрген мейірімді жандарды марапаттады.

– Бүгінгі жиынға аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларға, сонымен қатар ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек беруге әрқашан дайын тұратын қайырымды адамдар қатысып отыр. Жиында осы бағытта атқарылған жұмыстарға аз-кем тоқталып, қорытынды жасаймыз. Жалпы, нәтиже жаман емес. Мәселен, соңғы бес айдың ішінде балалардың шотына 16 млн теңгеден астам қаражат түсті. Бұл балалардың баспана алуға жасаған алғашқы қадамдары деуге болады, – облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.

Ал 2016 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында 22 мыңнан астам тілек орындалған.

– Біздің мектеп жаңа ауданда орналасқандықтан көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балалары өте көп. Жалпы мектепте 2500-ге жуық оқушы бар. Бізде оқышулар өздеріне қажетті көмекті, армандарын хат арқылы жазып отырады, оларды арнайы комиссия қарайды. Біз мүмкіндігінше хатта жазылған тілекті орындауға тырысамыз. Оның барлығы осы «Мейірім» және «Жүректен жүрекке» акциялары арқылы жүзеге асырылып келеді, – дейді №46 орта мектебінің директоры Гүлфарида Ауғанбаева.

Жалпы «Мейірім» және «Жүректен жүрекке» акциясына қатысатын патронаттық ұйымдардың қатары көп.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив