Қазақстандық жүргізуші куәліктері Ресейде жарамсыз деп танылды

gov.kz
2025 жылғы 1 сәуірден бастап Ресейде шетелдік жүргізуші куәліктеріне, соның ішінде қазақстандық құжаттарға шектеулер енгізілді. Бұл шектеуден тек Беларусь азаматтары ғана босатылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Тыйым тұрақты тұруға рұқсаты бар шетелдіктерге, 2024 жылғы 1 сәуірге дейін Ресей азаматтығын алғандарға және шетелдік жүргізуші куәлігімен жүрген ресейліктерге қатысты.
Егер жүргізуші бұл талапты бұзса, оған 5 мыңнан 15 мың рубльге дейін (шамамен 29 750 – 89 250 теңге) айыппұл салынады.
Беларусь азаматтары мен белоруссиялық жүргізуші куәлігі бар ресейліктер бұрынғыдай көлік жүргізу құқығын сақтап қалады.
Сонымен қатар, 1 сәуірден бастап Ресейде мигранттардың балалары мектепке түсу үшін орыс тілінен тест тапсыруы керек. Оқуға қабылдану үшін оларға «қанағаттанарлық» деген баға алу жеткілікті.